Ұлттық спорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын командалар іріктелді

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын командалар іріктелді
Depositphotos

Республикалық арқан тартыс федерациясы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арқан тартыстан ерлер мен әйелдер арасында іріктеу жарыстарын бастады.

Кеше арқан тартыстан орталық аймақтық іріктеу жарысына Астана қаласы, Алматы, Ұлытау облысының командалары қатысты. Аталған федерация мәлім еткендей, жарыс ІІ кезеңнен тұрады. І кезеңде аймақтық іріктеу сындарында, ІІ кезеңде аймақтық жарыстардың жеңімпаздары финалдық сында бақ сынайды.

Орталық аймақтың іріктеу кезеңі 13 ақпан күні Астана қаласындағы № 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өтті.

Жарыс нәтижесі:

Ерлер арасында

1-орын — Ұлытау арқарлары командасы Жүлде: 500.000 тг 2-орын — Барыс -4 командасы Астана қаласы Жүлде: 300.000 тг 3- орын — Алматы облысы командасы.

Әйелдер арасында

1-орын — Барыс -3 командасы Астана қаласы 500.000 тг 2-орын — Қара қабылан командасы Астана қаласы 300.000 тг 3-орын — Алматы облысы командасы.

Финалдық тартыс 7 наурыз күні Астана қаласында өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар