Кәсіби бокс

Германияда Головкинге теңеліп жүрген қазақстандық боксшы титул үшін айқасады

Германияда Головкинге теңеліп жүрген қазақстандық боксшы титул үшін айқасады
instagram/temiroov

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (5-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді.

Темиров 2 қазан Германияның Бад-Херсфелд қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас венгриялық Оскар Фико (39-37-1, 20 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген. Бұл айқаста BDB International (Германиялық кәсіпқой боксшылар қауымдастығы) белбеуі сарапқа салынады.

Темиров кейінгі рет қаңтар айында Мюнхенде жұдырықтасып, екінші раундта швейцариялық Джером Аллені (4-2, 1 КО) нокаутқа түсірген болатын. Германиядағы бокс жанкүйерлері 24 жастағы Темировты кәсіпқой карьерасын осы елде бастаған Геннадий Головкинге теңеп жүр.

Басқа спорттық жаңалықтар