Кәсіби бокс
Боб Арум Бетербиев - Бивол қарымтасының уақытын айтты

instagram.com/p/DA_q_KeJjCM
Әйгілі промоутер Боб Арум (Top Rank) ресейлік боксшылар Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) пен Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) арасындағы қарымта жекпе-жек қашан өтетінін айтты.
"Эр-Риядтағы жекпе-жектер фестивалі ақпанда бітеді, сонда қарымта шамамен келесі қазанда өтеді. Ол жігіттердің әр қайсы өзге боксшылармен бір-бір жекпе-жектен өткізеді, сосын қазан айында қарымта айқасқа шығады", - деп береді Арумның сөзін журналист Дэн Рафаэл X желісінде.
Еске салайық, 13 қазанда өткен бірінші жекпе-жекте Бетербиев төрешілер шешімімен Биволды жеңіп, жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды. Осыдан кейін Бивол бірден қарымта жекпе-жек сұрады.