ММА

Асу Алмабаев UFC рейтингінің топ-10 тізіміне кірді

Асу Алмабаев UFC рейтингінің топ-10 тізіміне кірді
instagram.com/asu_zulfikar57/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің жаңарған рейтингінде 7-орынға көтерілді.

Осыған дейін 14-орында болған қазақстандық файтер жаңа рейтингте 7- орынға жайғасты. Асу жексенбі күні бразилиялық Матеус Николауды жеңіп шыққан болатын. Бразилиялық 3 орын төмендеді.

Асу Алмабаев - UFC-де үздік ондыққа енген екінші спортшы. Біріншісі Шавкат Рахмонов болатын.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы жексенбідегі жеңісінен кейін UFC басшысы Дана Уайттан чемпиондық атаққа жекпе-жек сұрады.

Басқа спорттық жаңалықтар