Футбол

«Оқжетпес» қазақстандық қорғаушыны сапына қосты

«Оқжетпес» қазақстандық қорғаушыны сапына қосты
"Оқжетпес" ФК

Көкшетаулық «Оқжетпес» қазақстандық қорғаушы Виктор Зябконы сапына қосты. 

"26 жасар қорғаушы Виктор Зябко Көкшетау футболының түлегі. Футболшы мансабын 2016 жылы өзінің жергілікті «Оқжетпес U-21» командасының құрамында бастаған. Қазақстан Премьер-Лигасындағы дебьюттік ойынын 2022 жылдың 23 қазанында «Ақжайық» клубына қарсы өткізді. 2023 жылғы футбол маусымында «Қызыл-Жар СК» сапында Қазақстан Премьер-лигасында 11 ойын өткізді", - делінген клуб хабарламасында. 

Басқа спорттық жаңалықтар