Теннис
Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Брестте (Франция) өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне шықты.
Қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында литвалық Эдвас Бутвиласты 6:4, 4:6, 7:6 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 45 минутқа созылды.
Айта кетейік, екінші айналымда Кукушкин Грегуар Баррер (Франция) - Карлос Табернер (Испания) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.