Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» Мәмбеталиевтің жетекшілігімен бірінші матчін ұтты

«Барыс» Мәмбеталиевтің жетекшілігімен бірінші матчін ұтты
"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын белоруссиялық «Динамо» командасына қарсы Астанада өткізді.

Ойынның 18-минутында «Динамо» сапынан Крис Тирни есеп ашып кетті. Бірінші кезеңде астаналықтар есепті теңестіре алмады.

Екінші кезеңдегі 34-минутта Әлихан Әсетовтен пас алған Әлихан Өмірбеков гол соқты. Ал 59-минутта «Барыс» сапынан Кирилл Панюков қарсылас қаппасына екінші шайбаны салды.

Осылайша, астаналық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Бұл - команданың бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевтің жетекшілігімен қол жеткізген алғашқы жеңісі.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 23 қазанда Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар