Футбол

"Қайсар" ойыншылары матчқа шығудан бас тартпақ

kazfootball.kz

Қазақстан премьер-лигасындағы "Қайсар" футбол клубы алаңға шығудан бас тартпақ, деп хабарлайды meta-ratings.kz.

Қызылордалық команданың ойыншылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмаған. ХХІІІ турда команда "Шахтерға" қарсы да алаңға шыққысы келмеген. Алайда клуб басшылығы арнайы кездесу өткізіп, ойыншыларды көндірген екен.

Ол ойында қызылордалықтар 5:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Енді команда мүшелері клуб басшыларына талап қойып отыр. Олар соңғы турдағы "Тұранға" қарсы ойында дейін айлықтарын беруді сұраған. Өтемеген жағдайда Түркістандағы ойынға барудан бас тартпақ.

Айта кетейік, "Қайсар" 23-турдан кейін 28 ұпай жинап, 8-орында келеді. Команда премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар