Футзал

“Қайраттың“ жаңа капитаны Чемпиондар лигасы матчтеріне қатыспайды

“Қайраттың“ жаңа капитаны Чемпиондар лигасы матчтеріне қатыспайды
Instagram/orazov17

"Қайрат" футзал клубының капитаны Біржан Оразов Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі ойындарға қатыса алмайды.

Клуб басшысы Қайрат Оразбековтің айтуынша, клуб капитаны жарақатына байланысты негізгі кезеңде ойнай алмайды екен. Біржан бұған дейін өткен суперкубокта "Семейге" қарсы кездесуге де қатыса алмаған еді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі 22-25 қазан аралығында Алматыда өтеді. Топта "Қайрат" "Спортинг" (Португалия), "Халадаш" (Венгрия) және "Семей" (Қазақстан) командаларына қарсы ойнайды. Топтан үш команда элиталық кезеңге жолдама алады. "Семей" биыл Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысады. "Қайрат" болса, 21-ші рет бақ сынайды.

Сондай-ақ 2012/13 және 2014/15 жылғы маусымда чемпион болған.

Ойындар кестесі:

22 қазан: 17:00. "Семей" - "Спортинг", 20:00. "Халадаш" - "Қайрат"

23 қазан: 17:00. "Халадаш" - "Спортинг", 20:00. "Қайрат" - "Семей"

25 қазан: 15:00. "Семей" - "Халадаш", 18:00. "Қайрат" - "Спортинг".


Басқа спорттық жаңалықтар