Теннис

Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті

Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті
twitter.com/MubadalaADOpen

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші қытайлық Чжу Линьмен бір сағатқа жеьпейтін уақыт қана ойнады да, екі сетте 6:2, 5:1 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін теннисшілер екі рет кездесу өткізген: 2019 жылы Australian Open-де Линь ұтты (6:2, 6:4), алайда сол жылы Уханьда Рыбакина 7:5, 2:6, 6:0 есебімен есеін қайтарды.

Келесі айналымда Рыбакина ширек финалына шығу үшін америкалық Эмма Наварромен матч өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар