Кәсіби бокс

Сауль Альварес карьерасына қатысты шешім қабылдады

Сауль Альварес карьерасына қатысты шешім қабылдады
Global Look Press

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) карьерасына қатысты шешім қабылдады.

Бұған дейін 33 жастағы мексикалық Box Azteca арнасынан келесі жекпе-жегі немесе карьерасын аяқтайтыны туралы хабарландыратыны айтылған еді.

Алайда инсайдер Рик Глэйзердің мәліметінше, Альварес былтыр шілдеде келісімшартқа отырған Premier Boxing Champions (PBC) промоутерлік компаниясынан кетпек екен. Бұған себеп промоутерлер Канелоның 5 мамырдағы айқасы үшін гонорарына кепілдік бере алмаған. Осылайша, PBC келісімшартты бұзғандықтан Альварес келісілген үшінші жекпе-жекті өткізбей де кете бере алады. Өзге инсайдерлер Сауль DAZN-ге оралатынын айтуда.

Дегенмен The Ring бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басылым мәліметінше, Канело келесі айқасын мамырда орта дивизионда WBC чемпионы Джермалл Чарломен (33-0, 22 KO) өткізеді. Ал америкалық PBC-мен жұмыс істейді. Бұған дейін Альварес DAZN-мен келісімшарты бар отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жұдырықтасатыны айтылған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар