Кәсіби бокс

Баходир Джалолов WBC рейтингінде түсіп қалды

Баходир Джалолов WBC рейтингінде түсіп қалды
instagram.com/bakhodirdjalolov

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақта рейтингін жаңартты. Жаңа тізімде қазақ және өзбек боксшылардың орны өзгерді.

Орта салмқатағы Мейірім Нұрсұлтанов екіден үшке түсіп қалды. Одан жоғары британиялықтар - Хамза Шираз бен Крис Юбенк тұр. Нұрсұлтанов кейінгі рет 2023 жылы қарашада жекпе-жек өткізді. Ал Биыл 13 шілдедегі айқасы өтпей қалды.

Өзге қазақстандық Али Ахмедов 13-орынна бір саты жоғарлады. Қыркүйекте қазақстандық боксшы франциялық Пьер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) жеңген еді.

Ауыр салмақта өзбекстандық Баходир Джалолов үш саты төмен сырғып, 9-орынға тұрақтады.

Ал ең жеңіл дивизиондағы өзбекстандық Хасанбой Дусматов бір саты көтеріліп, 3-орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар