Кәсіби бокс

Әлімханұлының бұрырғы қарсыласының жекпе-жегі нокаутпен бітті

Әлімханұлының бұрырғы қарсыласының жекпе-жегі нокаутпен бітті
Top Rank

Германияның Фалькензе қаласында өткен бокс кешінде Винченцо Гуальтьери (22-1-1, 7 КО) мен аргентиналық Джоба Эсекьель Эррера (12-2-1, 6 КО) жекпе-жекке шықты.

Он раундқа есептелген айқас орта салмақ лимитінде өтті. Гуальтьери бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіске жетті. Винченцо қарсыласын бұрышқа қысып, жақ астынан көтеріп ұрғанда аргентиналық нокаутқа түсті. Осылай Винченцо Гуальтьери карьерасында 23-ші жеңісіне жетті, ал Джоб Эсекьель Эррера үшінші рет жеңіліп отыр.

Еске салайық, былтыр Гуальтьери IBF чемпионы еді, алайда ол тиутылдан Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жекте айырылып қалды.


Басқа спорттық жаңалықтар