Футбол

Әліптің клубы «Теңдік кубогының» соңғы кездесуінде «Сантосты» ұтты

Әліптің клубы «Теңдік кубогының» соңғы кездесуінде «Сантосты» ұтты

Санкт-Петербургтік «Зенит» Катарда өткен «Теңдік кубогы» матчында бразилиялық «Сантосты» ірі есеппен ұтты.

Қорытынды есеп 4:1.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Зенит» Қытайдың «Шанхай Шэньхуа» (6:0) және катарлық «Ад-Духайл» (2:0) клубтарын ұтып, Теңдік кубогын мерзімінен бұрын жеңіп алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп матчты қосалқы құрамда бастап, 46-минутта қосалқы құраммен алаңға шықты.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар