Жүлде қоры 154 мың доллар болатын дзюдо турнирінде Қазақстан намысын кім қорғайды
16-18 ақпан күндері Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді.
Дзюдодан Grand Slam турниріне әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 154 мың АҚШ доллары. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын 26 дзюдошы (14 ер, 12 әйел) қорғайды.
Ерлер:
60 келі. Дәурен Сюкенов;
60 келі. Бауыржан Нарбаев;
66 келі. Алмас Ғалымов;
66 келі. Сұңғат Жұбатқан;
73 келі. Жансай Смағұлов;
73 келі. Бақытжан Абдурахманов;
81 келі. Аңсарбек Ғайнуллин;
81 келі. Айбол Нысанәлі;
90 келі. Ермахан Ануарбеков;
90 келі. Мұхаммедали Мавлидов;
100 келі. Әділет Сапарғалиев;
100 келі. Ислам Бозбаев;
+100 келі. Еламан Ерғалиев;
+100 келі. Әділ Оразбаев.
Әйелдер:
48 келі. Әбиба Әбужақынова;
48 келі. Ғалия Тынбаева;
52 келі. Толғанай Әбеуова;
52 келі. Балнұр Әбдешова;
57 келі. Балнұр Құсақбаева;
63 келі. Эсмигүл Кюлова;
63 келі. Зарина Сарипова;
70 келі. Екатерина Токарева;
78 келі. Аруна Жангельдина;
78 келі. Маргарита Гриценко;
+78 келі. Кәмила Берліқаш;
+78 келі. Карина Такиева.
Еске салайық, 2023 жылы өткен Grand Slam жарысында аса ауыр салмақтағы дзюдошы Ерасыл Қажыбаев қола жүлде иеленген еді.
Дереккөз: olympic.kz