Теннис

Александр Шевченко қытайлық қарсыласын камбэкпен жеңді

Александр Шевченко қытайлық қарсыласын камбэкпен жеңді

Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Шевченко Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде әлемдік рейтингіде өзінен он саты жоғары тұрған қытайлық Чжан Чжичжэньмен кортқа шықты.

Бірінші партияда қытайлық теннисші 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші және үшінші сетте А.Шевченко камбэк жасап, матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4, 6:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Шевченко 13 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Қарсыласы 5 эйс, 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Руне немесе рейтингіде 39-сатыдағы ресейлік Роман Сафиуллиннің жеңгенімен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар