Теннис
ATP рейтингін жаңартты. Бейбіт Жұқаев бірден 29 саты жоғарлады

ktf.kz
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасында жаңартылған рейтинг жариялады.
Жаңа тізімде үздік үштік өзгеріссіз қалды: италиялық Янник Синнер көш бастап тұр, испаниялық Карлос Алькарас екінші орында, германиялық Александр Зверев үшінші орында.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт орын жоғалтып, 32-орынға түсті. Александр Шевченко екі сатыға көтеріліп, 59-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин 111-ші болып қалды, Дмитрий Попко 173-тен 175-ке төмендеді, Бейбіт Жұқаев 29 сатыға көтеріліп, 184-орынға жайғасты, Тимофей Скатов 194-ші (-2) орынды қанағат етті.