Теннис

WTA рейтингін жаңартты. Зарина Дияс бірден 109 саты көтерілді

WTA рейтингін жаңартты. Зарина Дияс бірден 109 саты көтерілді
Ktf.kz

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында әйелдер спортшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Жаңа тізімде польшалық теннисшісі Ига Швёнтекті екінші орынға ығыстырып, бірінші орынға беларуссиялық Арина Соболенко шықты. Үшінші орында АҚШ теннисшісі Кори Гауфф.

Қазақстандық Елена Рыбакина бесінші орында қалды. Юлия Путинцева үш орынға көтеріліп, 29-орынға тұрақтады. Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартты. WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасында Дияс бірден 109 орын көтеріліп, 379-орынға орналасты.

Жұптық сындағы қазақстандық теннисші Анна Данилина бір позицияда төмендеп, 23-орынға тұрақтады. Путинцева бір сатыға көтерілді - 110-шы.

Басқа спорттық жаңалықтар