Теннис

Зарина Дияс Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

Зарина Дияс Түркиядағы турнирде жеңіске жетті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери (Түркия) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды.

Зарина финалда әлемнің 224-ракеткасы беларуссиялық Алена Фалеймен ойнады. Бірінші партияда белоруссиялық теннисші Заринаға еш мүмкіндік берген жоқ - 6:0. Екіншісінде Зарина Дияс 3:0 есебімен алға шыққанымен, Фалей таразы басын теңестірді. Дегенмен Зарина тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:4. Үшінші, шешуші сетте Фалей алға кетті - 2:0. Бірақ қазақстандық теннисші есепті теңестіріп қана қоймай,оны еселей алды - 5:3. Осыдан кейін екінші матчболын пайдаланып, 6:3 есебімен ұтты.

Тартысты матч 2 сағат 6 минутқа созылды.

Басқа спорттық жаңалықтар