Теннис

Недовесов Белгиядағы ATP турнирінің финалында ұтылды

Недовесов Белгиядағы ATP турнирінің финалында ұтылды
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Антверпендегі (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалында ұтылып қалды.

Әлемдік рейтингте 57-орындағы қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге финалда аустриялықтар Александр Эрлер - Лукас Мидлермен дуэтімен ойнады.

Бірінші партияда аустриялық жұп 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде қазақстандық-америкалық дуэт артығымен есе қайырды – 6:1. Алайда супер тай-брейкте аустриялықтар сәтті ойнады – 10:8.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов – Галловей 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Эрлер – Мидлер 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.

Басқа спорттық жаңалықтар