ММА

Асу Алмабаев UFC-дегі айқасында жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі айқасында жеңіске жетті
Instagram.com/asu_zulfikar57/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегастағы UFC Fight Night 245 турнирінде жеңіске жетті.

Асу бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездесіп, төрешілер шешімімен басым болып шықты. Осылайша, UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Матеус үшінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Жекпе-жек соңынан қазақстандық спортшы ұйым басшысына үндеу жасады:

"Дана, Мик Мейнард, маған бір титулдық жекпе-жекке бір мүмкіндік берсеңдер. Бір мүмкіндік қана! Мен дайынмын! Қазақстанда маған жанкүйер болған, дұға жасаған баршаға рақмет", - деді.

Бұл жеңістен кейін Асудың чемпиондық атаққа таласуына мүмкіндік артатын болады. UFC басшысы қазақстандық спортшының айтқанына әзірге жауап берген жоқ.

Басқа спорттық жаңалықтар