Құрлықтық хоккей лигасы

«Адмирал» үйінде басымдылық танытты

«Адмирал» үйінде басымдылық танытты

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаң кездесуінде «Адмирал» командасымен беттесті.

Қонақтар алғашқы минуттарда басымдық танытып, көпшілікте ойнап үлгерді. Алайда, бұл кезеңде «Барыс» гол соға алмады. Ал «Адмирал» көпшілікте бірінші рет ойнаған кезде гол соғып кетті, Дмитрий Бучельников гол авторы атанды.

Үзілістен кейін астаналықтар ойындағы басымдығын голдарға ұластыра алды.. Алдымен Даниил Апальков Дінмұхамед Қайыржанның тамаша әрекеттерінен кейін қақпаны дәл көздеді, сәл кейінірек Энтони Камара айдын иелерінің қақпашысы Василий Демченкодан айласын асырды. Леонид Тамбиевтің командасы кезең соңына қарай жауап қатты. Гол соққан Джованни Фьоре болды.

Соңғы кезең Алексей Соловьев пен бос қақпаны дәл көздеген Леонид Метальниковтың голдарынан кейін «Адмиралдың» бақылауымен өтті.

14 ақпан күні Владивосток қаласында «Барыс» пен «Адмирал» арасында екінші матч өтеді.

«Адмирал» – «Барыс» 4:2 (1:0, 1:2, 2:0)

Шайбалар:

1:0 – 14:40 – Бучельников (Горшков, Берлев) КГ

1:1 – 21:43 – Апальков (Қайыржан, Әсетов)

1:2 – 26:40 – ЛаБейт (Камара, Нұрғалиев)

2:2 – 38:30 – Фьоре (Горшков, Берлев)

2:3 – 56:57 – Соловьев (Бучельников, Шевченко)

2:4 – 58:55 – Метальников (Петьков) БҚ

Қақпашылар: Демченко – Шутов


Дереккөз: hcbarys.kz

Басқа спорттық жаңалықтар