Кәсіби бокс

Промоутер Головкиннің ҰОК-ты басқару мүмкіндігіне қатысты ойын айтты

Промоутер Головкиннің ҰОК-ты басқару мүмкіндігіне қатысты ойын айтты
vk.com/ggolovkin

Қазақстандық белгілі промоутер әрі функционер Болат Манкенов боксшы Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиадалық комитеттің басшысы етіп тағайындалуына қатысты өз ойын айтты.

ҰОК басшылғы ақпан айында ауысатыны және оны Головкин басқаруы мүмкін екені БАҚ бетінде бірнеше рет жазылды.

"Бұл оған қаншалықты қызықты екенін білмеймін. Головкин - бизнесмен. Ол атақты тұлға. Карьерасын аяқтағаннан кейін де бара алатын бағыттары жетерлік деп ойлаймын. Оның үстіне ол әлі ресми түрде кеткен жоқ. Екінші жағынан біздің оған көзқарасымыз жақсы. Ол Қазақстан тарихындағы ұлы спортшылардың бірі. Егер ол ҰОК басшысы боламын десе, оның қолынан іс келеді деген ойдамын. Бірақ бастысы бұл оған шынымен қызықты және керек болуы қажет", - дейді Манкенов.

Басқа спорттық жаңалықтар