Футбол
«Қайсар» Польшаның үшінші дивизионындағы командадан ұтылды
KazFootball.kz
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан қызылордалық «Қайсар» бақылау матчін өткізді.
Қызылордалық команда польшалық «Котвица» клубымен ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қазақстандық командадан жалғыз голды Марлен Айманов салды.
Айта кетейік, Колобжег қаласының командасы Польшаның үшінші дивизионында өнер көрсетеді. Ал "Қайсар" Қазақстан премьер лигасында ойнады.