Теннис

Ресейлік Карен Хачанов Алматыдағы ATP турнирінің финалында

Ресейлік Карен Хачанов Алматыдағы ATP турнирінің финалында
AFP

Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов жартылай финалда ATP рейтингінде 85-орында тұрған аустралиялық Александр Вукичті 6:7 (3:7), 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Матч 2 сағат 14 минутқа созылды. Хачанов ойын кезінде 15 рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Бұл Каренның биылғы маусымдағы АТР санатында екінші финалы.

Айта кетейік, Almaty Open турнирінің жекелей сындағы финалдық матчтары бүгін, 20 қазанда сағат 15:00-де өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар