Футбол

"Реал", "Манчестер Сити". Бүгін ЧЛ-дің екі матчі өтеді

Reuters

Бүгін, 13 ақпанда футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңіндегі алғашқы екі матчі белгіленген.

Бірінші жұпта «Лейпциг» (Германия) пен «Реал Мадрид» (Испания) ойнайды. Кездесу «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде 01:50-де көрсетіледі.

Дәл осы уақытта «Qazsport» телеарнасынан «Копенгаген» (Дания) мен «Манчестер Сити» (Англия) ойыны да көрсетіледі.

Ал 14 ақпанда «Лацио» (Италия) мен «Бавария» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Реал Сосьедад» (Испания) командалары шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 20 ақпанда «Интер» (Италия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания), ПСВ (Нидерланд) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), 21 ақпанда «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия) ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар