Футбол

«Шахтер» украиналық футболшыны сапына қоспақ

«Шахтер» украиналық футболшыны сапына қоспақ
"Динамо" ФК

Қарағандылық «Шахтер» қорғаныс шебін украиналық ойыншы Дмитрий Рыжукпен нығайтуы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz.

31 жастағы қорғаушының кейінгі клубы «Оқжетпес» болған, ол көкшетаулықтар сапында үш маусым өнер көрсетті.

Рыжук киевтік «Динамо» клубының түлегі. Футболшы отанында харьковтік «Металлист» пен «Черноморец» сапында ойнаған, сонымен қоса карьерасында беларусьтік «Минск» және израильдік «Хапоэль» клубтарында өнер көрсеткен.

Басқа спорттық жаңалықтар