Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің кестесі жарияланды
10 және 13 наурыз аралығы Астанада грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, атақты балуан Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.
U20 санатындағы жарыстың кестесі мынадай:
10 наурыз. 16.00-17.00 - төрешілер отырысы.
18.00-18.30 - бүкіл салмақ дәрежелерінде жеребе.
11 наурыз.
11.30 - 14.30- 55, 63, 72, 82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде алдын ала белдесулер;
17.30-18.00 - жарыстың салтанатты ашылуы;
18.00-19.30 - 55,63,72,82 және 97 келі салмақ дәрежелерінде жартылай финал.
12 наурыз
11.30 - 14.30- 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде алдын-ала белдесулер.
16.45 -18.00 - 60, 67,77,87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жартылай финал.
18.00-19.30 - 55, 63, 72, 82 және 130 келі салмақ дәрежелерінде ақтық белдесүлер және марапаттау.
13 наурыз 11.30 - 12.30 - 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жұбаныш белдесулер;
13.00-14.30 - 60, 67,77,87 және 130 келі салмақ дәрежелерінде ақтық белдесулер және марапаттау.
Жақсылық Үшкемпіров қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, екі дүркін Кеңес одағының чемпионы, I дәрежедегі «Құрмет» және «Барыс» ордендерінің иегері.