Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Атырау» франциялық клубтың ойыншысын қатарына қосты

«Атырау» франциялық клубтың ойыншысын қатарына қосты

«Атырау» қатарына гамбиялық футболшы Ламин Жаржоу қосылды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ламин Жаржоу «Атырау» футбол клубының ойыншысы. Гамбиялық жартылай қорғаушы «Гренобль» футбол командасынан жалға алынды. Келесі маусымда Ламинге «мұнайшылар» сапында жаңа белестірді бағындыруды тілейміз», - делінген хабарламада.

Жаржоу оң қапталдағы вингер позициясында ойнайды. Былтыр қыркүйекте франциялық Лига 2-де ойнайтын «Гренобль» сапына ауысқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар