UFC

Асу Алмабаев: UFC-дегі келесі жекпе-жегіме "Жұмыр қылыш" күйімен шығамын

Асу Алмабаев: UFC-дегі келесі жекпе-жегіме

Аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі келесі жекпе-жегі туралы айтты.

Асу Алмабаев 9 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық файтер Си Джей Вергара. Асу бұл кездесуге күймен шығатынын айтты.

"Шапан киіп шыға алмаймын, өйткені UFC-дің арнайы формасы бар. UFC алаңында тек сол формамен жүру керек. Бұл келісімшартта жазылған. Ал әркім өз ұлтының бас киімін киіп шыға алады. Әуенге келер болсақ, мен "Ұлытау" тобының "Жұмыр қылыш" деген күйімен шығамын", – деді қазақстандық файтер Beren Live арнасына берген сұхбатында.

Асу Алмабаев өткен жылы тамыз айында АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық файтер Оди Осборнды (12-6) қылқындыру әдісімен ұтты. Бұл оның UFС-дегі дебюті болды. 30 жастағы қазақстандық файтер барлығы 20 кездесу өткізген. 18 мәрте жеңсе, 2 рет жеңіліске ұшыраған.

UFC

Басқа спорттық жаңалықтар