UFC

«Жоқшылықтан ұялмаңдар»: UFC сардары Бекзат Алмахан жаттығу залына автобуспен барып-келеді

«Жоқшылықтан ұялмаңдар»: UFC сардары Бекзат Алмахан жаттығу залына автобуспен барып-келеді

Аралас жекпе-жек шебері, UFC лигасына жаңа қосылған қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (17-1) 3 наурызда Лас-Вегаста Умар Нурмагомедовпен (16-0) жекпе-жек өткізеді.

Осы ақпарат шыға салысымен спортшы OCTAGON TV YouTube-арнасына сұхбат беріп, дайындығы, қарсыласы және жеке өмірі туралы азды-кем баяндады.

Жанкүйерлерін Бекзаттың қарапайымығы тәнті етті. Ол жаттығу залына автобуспен қатынайды екен. Тіпті, келісілген сұхбатқа кешігіп келуінің себебін де ол автобусты күтіп қалудан деп түсіндірді.

«Бұл ұялатын нәрсе емес. Жоқтықтан ұялмаңдар дейді ғой. Мен жаттығуға күніге автобуспен барып келемін», - деді UFC файтері.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-ге отандық OKTAGON лигасынан тікелей өткен бірден-бір спортшы. Оның дебюттің жеке-жегі Сауд Арабиясында өтуі керек болған. Алайда, арабтар жоспарланған UFC кешін маусым айына жылжытып жіберді. Сондықтан, спортшылардың менеджерлері көктемде АҚШ-та турнир өткізуді жөн деп тапқан.

Умар Нурмагомедов – әйгілі файтер Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі. Ол былтыр қаңтардағы жекпе-жегінен кейін октагонға әлі шықпаған. Тамыз айында Кори Сэндхагенмен кездесуі керек еді. Алайда, иығынан жарақат алып, кездесу кейінге қалдырылды.

UFC

Басқа спорттық жаңалықтар