Допты хоккей

Допты хоккей: «Ақжайық» Оралдағы соңғы кездесуінде 11:3 есебімен жеңді

 Допты хоккей: «Ақжайық» Оралдағы соңғы кездесуінде 11:3 есебімен жеңді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында «Волга-Черемшан» (Ульяновск) командасымен екінші ойынын өткізді.

Бұл «Ақжайықтың» осы маусымдағы өз айдынындағы соңғы кездесуі еді. Осыған дейін қатарынан жеті рет жеңіске жеткен Николай Шавалдиннің шәкірттері бұл жолы да жанкүйерлер сенімінен шыға білді.

Ресейлік сұрмерген Максим Пахомов білгенінен жаңылмай, қарсылас қақпасына 6 доп тоғытты. Тағы бір ресейлік Артем Лапшин хет-триктің авторы атанса, тәжірибелі ойыншылардың бірі Самат Аманшин екі гол соқты. «Волга-Черемшаннан» Иван Яковлеп 2, Данила Арапов 1 доп енгізе алды. Қорытынды есеп – 11:3, «Ақжайықтың» пайдасында.

Батысқазақстандықтар 54 ұпаймен екінші топта бұрынғыша жеке-дара көш бастап келеді. Оралдық клуб қалған алты матчын сырт айдында өткізеді. «Ақжайық» 19-20 ақпанда Краснотурьинскіде негізгі қарсыластарының бірі – «Маякпен» ойнайды.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар