Жүзу

Эдуард Ким: Біздің бағдарлама Олимпиадаға енеді деп үміттенемін

Эдуард Ким: Біздің бағдарлама Олимпиадаға енеді деп үміттенемін

Әртістік жүзуден аралас жұптық сында техникалық бағдарлама бойынша жеңімпаз атанған Эдуард Ким мен Наргиза Болатова елге оралды.

Наргиздің айтуынша, бұл жеңіс оңай келмеген.

"Жеңіске жету жолы оңай болмады. Ауыр әрі ұзақ уақыт жаттығудың нәтижесі деп ойлаймын. Әлем чемпионы боламыз, деген үміт аз еді. Дегенмен бар күшімізді салдық, жеңіске жетуге тырыстық. Чемпион атанған кезде жүрегімде еліміздің үмітін ақтадық деген мақтаныш сезім ұялады", - дейді ол.

Чемпиондар сәл тынығып алған соң сәуірде Қытай астанасында басталатын кезекті әлем чемпионатына аттанады. Бағы мен бабы жанса Будапешттегі финалдық сайыста бақ сынайды. Наргиза мен Эдуардтың басты арманы Олимпиада чемпионы атану.

"Техникалық микс - дуэтін Олимпиада ойындарына кіргізу туралы ұсыныс көп айтылып жатыр. Бұл кез келген спортшының арманы, мен де үміттімін. Біз жаттығу мен шеберлікті әрі қарай шыңдап, техникалық микс - дуэт бойынша 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқымыз келеді", - дейді Эдуард Ким.

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты 18 ақпанда аяқталады. Отандастарымыз 1 алтынмен командалық есепте 10-орында тұр. Бұл тарихи жеңіс осы спорт түрімен айналысып жүрген жеткіншектерге үміт ұялататыны анық.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар