Футбол

Африка ұлттар кубогінің жеңімпазы анықталды

Африка ұлттар кубогінің жеңімпазы анықталды
football24.ua

Футболдан Кот-д’Ивуар құрамасы Африка ұлттары кубогының финалында Нигерияны ұтты.

Финалдық ойын 11 ақпанда Кот-д’Ивуар елінің Абиджан қаласындағы ұлттық стадионда өтті.

Алдымен 38-минутта алаң қонақтары сапынан Виллиам Трост-Эконг есеп ашты. Ал екінші таймда ивуарлықтар сапынан 62-минутта Франк Кессье және 81-минутта Себастьен Аллер гол соқты да, ары қрай есеп өзгермеді. Осылайша, Кот-д’Ивуар өз тарихында бұл турнирді үшінші рет ұтып алды.

Енді үшінші орын үшін матч 10 ақпанда өтеді.

Африка ұлттары кубогы 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар