Футбол

"Қайрат" РПЛ қысқы кубогінде ресейлік команданы ұтты

"Қайрат" ФК

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Ресей премьер лигасының қысқы кубогына қатысып жатқан алматылық "Қайрат" ресейлік "Ростов" клубымен жолдастық матч ойнады.

Бұл ойында 2:1 есебімен алматылық команда басым болды. "Қайрат" сапынан 30-минутта Жоао Пауло  есеп ашты, ал 65-минутта алматылықтардың грузиялық қорғаушысы Гиорги Зария есепті еселей түсті. 

Ростовтықтардан Ресей құрамасының шабуылшысы Николай Комличенко (90+) есеп айырмасын қысқарта алды.

14 ақпанда өтетін турнирдегі келесі матчте "Қайрат" ресейлік "Спарткапен" ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар