Волейбол

«Тараз» ел чемпионы «Павлодарды» тізе бүктірді

«Тараз» ел чемпионы «Павлодарды» тізе бүктірді

Ақтөбе қаласында волейболдан өтіп жатқан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының төртінші турында жексенбі күні орталық матч «Павлодар» мен «Тараз» арасында болды.

Кеше екінші орындағы тараздықтар өзін өкшелеп келе жатқан «Жайықты» 3:0 есебімен ұтқан еді.

Бүгін «Тараз» ел чемпионы «Павлодар» командасымен алаңға шықты. Тараздықтар 3:1 (25:23, 22:25, 25:18, 25:15) есебімен жеңіске жетті.

Турнир кестесінде павлодарлықтар 52 ұпаймен бұрынғыша көш бастаса, «Тараз» (48 ұпай) бір табан жақындай түсті.

Үшінші орындағы «Жайық» (41 ұпай) бүгін «Ақтөбеге» 1:3 (28:30, 20:25, 25:22, 20:25) есебімен есе жіберді. Оралдықтар чемпионат барысында осымен ақтөбеліктерден екінші рет жеңіліп отыр.

Төртінші сатыдағы «Есіл» (СҚО, 32 ұпай) күтпеген жерден «Жетісу жастарына» жол берді – 0:3 (21:25, 24:26, 21:25).

«Атырау» «Ұшқын-Көкшетаудан» 3:0 (25:22, 25:22, 25:13) есебімен айласын асырды.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар