Су спорты
Әлем чемпионаты: Эдуард Ким мен Наргиза Болатова бестікке енді
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова еркін бағдарламада үздік бестіктен көрінді.
Әртістік жүзуден аралас жұптық сында қазақстандық спортшылар 170.6875 балл алды.
Финалдық кезеңде 12 жұп өнер көрсетіп, Қытай командасы алтын, Испания күміс, Мексика қола медаль жеңіп алды.
Еске сала кетейік, аралас жұптық сындағы техникалық бағдарлама бойынша Ким мен Болатова дуэті әлем чемпионы атанған еді.
Дереккөз: olympic.kz