Кәсіби бокс

Бивол ресми түрде Бетербиевпен қарымта сұрады

Бивол ресми түрде Бетербиевпен қарымта сұрады
instagram.com/bivol_d

Жартылай ауыр салмақта WBA ұйымының бұрынғы чемпионы Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) санкция беретін негізгі бокс ұйымдарынан Артур Бетербиевпен (21-0, 20 КО) қарымта ұйымдаструын ресми түрде сұрады.

Белгілі журналист Дэн Рафаэльдің сөзінше, Биволдың құқықтық ісін жүргізетін заңгер Патрик Инглиш төрт ұйым басшыларына: Маурсио Сулейман (WBC), Франсиско Валькарсель (WBO), Дэрил Пиплз (IBF) және Хильберто Мендосаға (WBA) хат жолдапты. Бұл хатта ол еш кідірмей Бетербиевпен қарымта жекпе-жек ұйымдастыруды талап етіпті.

Бивол - Бетербиев жекпе-жегі 13 қазан Сауд Арабиясы астанасында өтіп, Артур төрешілер шешімімен жеңіске жетті. алайда Бетербиевтің бұл жеңісін кей сарапшылар мен жанкүйерлер мйоындамай отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар