Бокс

Странджа кубогі: Санжар Тәшкенбай финалда ұтылып күміс медаль еншіледі

 Странджа кубогі: Санжар Тәшкенбай финалда ұтылып күміс медаль еншіледі

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогында қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай финалда үнді боксшысынан ұтылып күміс медалді қанағат тұтты.

51 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз аса тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша үндістандық қарсыласы Амит Пангалдан 5:0 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша аталған салмақ дәрежесінде Үндістанның спортшысы чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай болса күміс медальды қанағат тұтты.

Айта кетейік, Амит Пангал - 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы. Сондай-ақ 2018 жылы Азия ойындарының жеңімпазы болған.

Еске салайық, Тәшкенбай жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістіріп, қарсыласын 3:2 есебімен жеңген болатын.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар