Теннис

Алматыдағы ATP 250 турнирінің ширек финалына өткен теннисшілер анықталды

Алматыдағы ATP 250 турнирінің ширек финалына өткен теннисшілер анықталды
ФТК

Almaty Arena-да ATP 250 Almaty Open турнирінің кезекті ойын күні аяқталды.

Жарыстың бірінші ракеткасы, әлемнің 15-ші ракеткасы америкалық Фрэнсис Тиафо өте тартымды кездесуде британдық Дэниел Эвансты (180 ATP) жеңді. Матч есебі 6:7 (10:12), 7:6 (7:4), 6:3.

Турнирдің ширек финалдық жұптары төмендегідей:

Фрэнсис Тиафо - Александр Вукич (85 ATP);

Алехандро Табило (23 ATP) - Габриэль Диалло (118 ATP);

Карен Хачанов (26 ATP) - Бейбіт Жұқаев (213 ATP);

Франциско Серундоло (31-ші ATP) - Александр Шевченко (61-ші ATP). 

Басқа спорттық жаңалықтар