Кәсіби бокс

Бетербиев Биволмен қарымта туралы сұраққа жауап берді

Бетербиев Биволмен қарымта туралы сұраққа жауап берді
x.com/trboxing

Жартылай ауыр салмақта әлемнің аболют чемпионы Артур Бетербиев "Ушатайка" YouTube арнасына берген сұхбатында Дмитрий Биволмен қарымта жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

13 қазан Эр-Риядта өткен кездесуде Бетербиев Биволды төрешілер шешімімен жеңді (114-114, 115-113 и 116-112).

"Біз жақсы дайындалдық, кім жақсырақ дайын болды, сол жеңді. Егер қаласа, Биволмен қарымта өткізуге болады. Жекпе-жектен кейін бірнеше күн ғана өтті, ол туралы әзір ойлағым келмейді. Қазір ондай уақыт емес. Бірақ қарымта, жекпе-жектер, бәрін жалғастырамыз", - дейді Бетербиев.

Басқа спорттық жаңалықтар