Футбол

17 жастағы өзбекстандық әлемдегі ең мықты футболшылар тізіміне кірді

17 жастағы өзбекстандық әлемдегі ең мықты футболшылар тізіміне кірді
fcbunyodkor.com

Британиялық атақты The Guardian басылымы әлем футболының ең талантты 60 жас ойыншысының тізімін жариялады.

Next Generation 2024 тізіміне кірген 2007 жылы туған футболшылар қатарында ташкенттік "Бунедкор" мен Өзбекстан құрамасының ойыншысы Азизбек Тулкинбеков бар.

"Жас ойыншыға Өзбекстанда көзге түсу қиын, өйткені елде талантты футболшылар көп. Былтыр Тулкинбеков 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында көзге түсті. Индонезиядағы турнирде Өзбекстан құрамасы Англияны ұтты, алайда ширек финалда Франциядан ұтылды. Азизбек "Бундекор" үшін тұрақты ойнай бастағаны таңқаларлық емес. Тулкинбеков доппен сасқалақтамайды, ойынды оқып тұрады, қорғаныста өзін жайлы сезінеді, жартылай қорғаушы болып та ойнай бере алады", - деп жазыпты The Guardian.

Басқа спорттық жаңалықтар