Теннис

Жұптық сын. Григорий Ломакин Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

Жұптық сын. Григорий Ломакин Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады
Сурет: Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин украиналық Вадим Урсумен бірге Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өтіп жатқан турнирін сәтті бастады.

Жұптық сындағы 1/8 финалда Ломакин мен Урсу жапониялық Томохиро Масабаяси және Рюки Мацудомен кездесіп, оларды үш сетте – 6:3, 3:6, 10:7 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Шэньчжэньдегі «Челленджердің» жүлде қоры 133 250 доллар. Жұптық сынның жеңімпаздары 7580 доллар алады, сонымен қатар, 100 рейтингтік ұпайға ие болады.

Басқа спорттық жаңалықтар