Теннис

Бейбіт Жұқаев алғаш рет АТР турнирінің ширек финалына жетті

Бейбіт Жұқаев алғаш рет АТР турнирінің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев карьерасында алғаш рет АТР санатындағы турнирдің ширек финалына өтті.

Бейбіт Алматыда өтіп жатқан АТР 250 жарысының 1/8 финалында чех Томаш Махачпен кездесті. Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Томаш бірінші сетте-ақ өзін жайсыз сезініп, ойынды жалғастырудан бас тартты.

Енді қазақстандық теннисші ширек финалда Карен Хачанов (Ресей) - Отто Виртанен (Финляндия) арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар