Құрлықтық хоккей лигасы
«Барыс» ҚХЛ-де тағы ұтылды
"Барыс" ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.
Матчтің 12-минутында Әлихан Әсетовтің берген пасымен «Барыс» хоккейшісі Кирилл Панюков есеп ашты. Одан кейін «Салават Юлаев» сапынан Александр Хмелевски 16-минутта таразы басын теңестіріп кетсе, 28-минутта Нэйтан Тодд ресейлік клубты алға шығарды. Ал 30-минутта қазақстандық командадан Әлихан Өмірбеков таразы басын теңестіргенмен, 33-минутта Егор Сучков қайтадан «Салават Юлаев» командасының басымдығын арттырды.
Осылайша, «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.