Теннис

Александр Шевченко Алматыдағы ATP 250 турнирінің ширек финалына жетті

Александр Шевченко Алматыдағы ATP 250 турнирінің ширек финалына жетті
Global Look Press

Әлемдік рейтингте 61-орында тұрған қазақстандық теннсиші Александр Шевченко Алматы ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен кездесу өткізді.

Бірінші партияда Шевченко айқын басымдылық танытты – 6:1. Екіншісінде Карацев тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:5). Шешуші, үшінші сетте Шевченко таразы басын өзіне аудара алды – 7:5.

Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты матчта Шевченко 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Енді Александр жартылай финалға өту үшін әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар