Футбол

Месси хет-трик саны бойынша Криштиану Роналдуға жетіп алды

Месси хет-трик саны бойынша Криштиану Роналдуға жетіп алды
instagram.com/leomessi/

Аргентиналық футболшы Лионель Месси ұлттық құрамадағы хет-триктер саны бойынша португалдық Криштиану Роналдумен теңесті.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойында Аргентина Боливияны 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында Месси үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осылайша, ұлттық құрама сапындағы 10-шы хет-тригін жасады.

Португалиялық футболшы Роналду да ұлттық құрамада 10 хет-трик жасаған. Бұл көрсеткіш бойынша екеуі теңесті. Ал жалпы хет-триктер саны бойынша Роналду алда. Есеп – 66:58. Месси Аргентина құрамасындағы голдар санын 112-ге жеткізді.

Осылайша, ирандық Али Даей голдарын басып озды. Ал ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан ойыншы рекорды Роналдуға тиесілі. Ол Португалия сапында 133 гол соққан.

Кеше Ұлттар лигасында Португалия сырт алаңда Шотландиямен тең түсті. 0:0 есебімен аяқталған матчта Роналду гол соға алған жоқ.

Басқа спорттық жаңалықтар