Теннис
Елена Рыбакина эйс жасау жөнінен әлемде көш бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін эйс жасау жөнінен көш бастады.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 74-ракеткасы, Испания өкілі Кристина Бучамен матчта 7 эйс жасады.
Осылайша, Елена Рыбакина жыл басынан бері жарыстарда жасаған эйс санын 70-ке жеткізді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды.
Дереккөз: kaz.inform