Футбол

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Шотландияны ұтты

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Шотландияны ұтты
ҚФФ

2025 жылы өтетін футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Шотландия құрамасы матч өткізді.

Кездесу Алматыда өтті. Бұл ойында Қазақстан құрамасы Шотландияны ұтты.

Есепті 30-минутта Айбар Абдулла ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды.

Екінші таймда Леннон Миллер гол соғып, есепті теңестірді. Кейін Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, ойыннан қуылды. Пенальти голын Әділбек Жұмаханов соқты. Ян Труфанов үшінші голдың авторы атанды. Алайда ойын аяқталмай тұрып қарсылас командадан Жереми Мюллен гол соғып, ойын 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Қазақстан іріктеу кезеңінде жалпы тоғыз ұпай еншілеп, В тобын бесінші орынмен аяқтады.

Басқа спорттық жаңалықтар