Футбол

ҚФФ бас бапкердің қазақ тіліне қатысты сөзіне түсінік берді

ҚФФ бас бапкердің қазақ тіліне қатысты сөзіне түсінік берді
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесовтің баспасөз жиыны кезіндегі әрекетіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндіре өту қажет деп санайды.

Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп, жауап қайтарған болатын.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз, - делінген федерация хабарламасында.


Басқа спорттық жаңалықтар